Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ!"

Сағыз ауылындағы Сағыз орта мектебінде орналасқан №156 учаскелік референдум комиссиясы да таңғы сағат жетіден бастап өз жұмысына кірісті.

Мұнда алғаш болып ауыл тұрғыны Сұлтан Қабдықов өз таңдауын жасаса, артынша ауыл ақсақалы Қабиболла Ахметнияов дауыс беруге келді.

– Еліміздегі әрбір саяси науқаннан қалмауға тырысамын. Себебі, біз осылай дауыс беру арқылы өз көзқарасымызды білдіріп, елдің болашағы үшін таңдау жасаймыз. Бұл бізге берілген мүмкіндік деп білемін. Осы орайда, барша ауыл тұрғынын таңдау жасауға шақырамын. Бәріміз жарқын болашақ үшін дауыс беріп, елімізде оң өзгерістердің орын алуына үлес қосайық. Ел аман, жұрт тыныш болсын, - дейді Қабиболла қарт.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT