Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайфолла Сүйіновті еске алуға арналған шахматтан облыстық ашық турнир өтті

Өткен аптаның жұмасы күні Миялы спорт кешенінде «Еңбек Қызылту Ту», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қызылқоға, Құрманғазы  аудандарының  Құрметті азаматы, «Асқаралы асулар», «Қайраткер Құлманов», «Бөкей ордасы» кітаптарының авторы Сайфолла Сүйіновті еске алуға арналған шахматтан облыстық ашық турнир өтті.

            Турнирді құттықтау тілекпен ашқан аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, ауданның Құрметті азаматтары Амангелді Сақтағанов, Жауқаш Тұрдағалиев, Жәния Ізбасқандар жарыс иесі туралы естеліктерімен бөлісті.  Бұдан соң жарыс қонақтары мен қатысушыларына Сайфолла Сүйіновтің өмір дерегінен сыр шертетін шағын бейнекөрініс көрсетілді. Бұдан соң шахматшылар шаршы тақтадағы жарысты бастап кетті. Осы орайда, жарысқа қатысқандардың ең жасы 16 жаста болса, ең үлкені 82 жастағы ақсақал болды. Алты сағатқа созылған жарыс нәтижесінде 6,5 ұпай жинаған Абзал Әмірәлі жарыс жеңімпазы атанса, одан сәл ғана ұпай айырмашылығымен артта қалған Жәнібек Аманов пен Тұрар Шаймардан (үшеуі де Атырау қаласы)  жүлделі екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

745835ae-d396-4e6f-87cd-c4d5043188a7

ba9f5d21-3ec1-4153-8376-abdabdcd2ce1

  Ал, жерлесіміз Өтеміс Қапанов «Үздік шахматшы» атанды. Сондай-ақ, жарыс қатысушылары Ибраһим Ғалымжанұлы (Атырау қаласы),  Ғалам Асылбек (Исатай ауданы), Диляра Ғабитова (Атырау қаласы), Серік Сағынов (Қызылқоға ауданы), Сатыбалды Көпжасаров (Атырау қаласы) «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы дипломға ие болса, турнирдің «Ең қарт қатысушысы» болып жерлестеріміз Амангелді Сақтағанов  пен Сәлімжан Харесов танылды. Жарыс соңында сөз алған Сайфолла Сүйіновтің ұрпағы Мақсот Сүйінов жарысты ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғысын айтып, барлық қатысушыларға әке өмірінен сыр шертетін «Асқаралы асулар» кітабын сыйға тартса,  жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларды ақшалай сыйлықпен марапаттады. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521