Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы халқымызды бір серпілтіп тастады.

Оның ішінде, “Таза Қазақстан” жалпы ұлттық экологиялық акциясына тоқталған Мемлекет басшысы:

«Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады” деді.

Шын мәнінде тазалық әр отбасыдан бастау алып, әр азаматтың көкейінде жүруі тиіс. Аудан бойынша “Таза Қазақстан” акциясына 500 жас қамтылды. Акция барысында, экологиялық маңызды аумақтар, ауыл маңы, ауыл көшелері, ауылдық округтер, Ойыл өзенінің жағалауы қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалар мен қызметкерлер көмегімен шығарылды. Әрине, бұл акцияның өзіндік мақсаты мен маңызы өте зор. Алдағы уақытта акция жалғасын таба бермек.

Ризабек Амантайұлы,

аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT