Әрбір қазақстандық елде болып жатқан түрлі іс-шаралардан тыс қалмауы керек. Әсіресе, президент сайлауы секілді өте маңызды науқанға белсене қатысқаны жөн. Барынша белсенді өмір сүруді қолдайтын өз басым осындай іс-шаралардан қалғым келмейді. Алайда, бұған дейін менің сайлауға қатысуға жасым жетпей жүрді. Енді міне, таяуда ғана 18 жасқа толдым. Бұйырса 20 қарашада өтетін президент сайлауына барып, өз таңдауымды жасайтын боламын.
Таңдау жасамас бұрын әрбір кандидаттың өмір жолымен, сайлауалды бағдарламасымен танысып, қай үміткер елді дамытуға, жастарды қолдауға басымдық беретіндігіне қараймын. Сондай-ақ, бұл сайлауға достарым мен туыстарымды қатысуға да шақыратын боламын. Себебі, қазір кейбір адамдар «Сайлау бізсіз де өтеді» деп немқұрайлылық танытады. Бұл – қате пікір. Әрбір адамның сайлауға барып, дауыс беруінің өзі болашаққа жасалған нық қадам деп білемін.
Әйгерім ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
белсенді жас
БҰЛ МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ
- Информация о материале
- Саясат
- : 345