Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс берді

ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев елдегі Президент сайлауы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көңіл-күйім өте жоғары. Бүгін мемлекетімізде үлкен саяси доданың қорытынды күні. Мен де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде бүгін сайлауға келдім, өз таңдауымды жасадым. Сайлау кезінде жасаған таңдауым Отаным – сүйікті Қазақстанымның әрбір азаматының тұрмысының жақсаруы, халықтың бай-қуатты өмір сүруі, әлемдік қауымдастықта жоғары деңгейде орын табуына байланысты. Біздің мемлекеттің болашағы өте зор. Осындай ниетпен бүгінгі сайлауға қатыстым. Әрине ел тағдырына бей-жай қарамайтын әр қазақстандық, қоғамда өзінің жауапкершілігін түсінетін әрбір саналы азамат бүгінгі сайлауға қатысып, таңдаған кандидаттарына дауыс береріне сенімдімін», - деді Жигули Дайрабаев.

Президенттікке үміткер барша қазақстандыққа зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір тіледі.

Фото: www.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT