Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық спортшылар Республика күніне орай ұйымдастырылған челленджді қолдады

Атыраулықтар Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қыран елім – Қазақстаным!» акциясына қатысты. Олар «Қазақстан – Республикам менің» өлеңін оқып, эстафетаны астаналықтардан қабылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Атырау спортшылары «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында бұл челленджді Маңғыстау облысының спортшыларына жолдайды. Спортшыларымыз көк байрағымызды желбірете берсін, деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – патриоттық сезімді нығайту, халықтың бірлігін спорттық аренада да көрсету, еліміздің осы саладағы жетістіктерін атап өту.
Желідегі жеке парақшада #РеспубликаКүні, #ДеньРеспублики хэштегтерімен бейнероликтер жариялау арқылы патриоттық акцияға кез келген адам қосыла алады.
«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT