Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ата-баба аңсаған күн

Қазақ халқы ежелден еркіндікті аңсаған азат ел. Оны біз тарихтан білеміз. Қаншама тар жол тайғақ кешуден өтсе де елінің бірлігі мен тұтастығын талауға түсірмей,  тілін, дінін,  дәстүрін, ұлттық болмасын сақтап қалған қайсар халықтың ұрпағымыз.


    29 қыркүйектегі Президентіміздің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы бойынша 25 қазан ұлттық мереке Республика күні болып бекітілгені баршаға белгілі. Бұл күн -   ата-баба аңсаған арманның орындалған күні. Бұл еліміздің көк байрағы көкте желбіреп,  еңсемізді тіктеп, айқын мақсат пен ұлы мұраттар жолында болашаққа нық қадам басқан күн!  Әр қазақтың баласының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, терең білім мен дағдыны қалыптастырып, ұлттық тарихты білуге, елдің жарқын болашағы үшін қызмет жасауға тәрбиелеу, бағыт-бағдар беру ұстаздар қауымының парызы. Осыған орай, мектеп оқушылары тек аудан, облыс емес, республика көлеміндегі  додаларға қатысып, ауыл, аудан, облыс мерейін үстем етіп жүр. Оның дәлелі, оқушым Нұрдана Зейнелқызы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысып, «Тасқын» номинациясын иеленгені үлкен мақтаныш. Осындай жетістігі үшін Нұрданаға аудандық білім бөлімінің жолдамасымен республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалып келді. Осындай игі шаралар  ел тәуелсіздігінің арқасында жүзеге асып келеді. Еліміздің бірлігі бекем, тұғыры мықты болсын!
Құралай ҚҰМАРОВА,
Ш.Еркінов атындағы орта
мектеп мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT