Аудан бойынша осы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында Қызылқоға ауданы көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» өткізілуде.
Акцияның мақсаты – халықты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, олардың полицияға сенім деңгейін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту болып табылады.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіз немесе жақындарыңыз, құрбыларыңыз, көршілеріңіз зорлық-зомбылыққа тап болса, Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне хабарласыңыз.
Әйгерім ШӘКІРОВА,
Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан
қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны