Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы маман жылы — еңбектің қадірін арттыруда

Биыл елімізде жарияланған Жұмысшы маман жылы — еңбектің қадірін арттырып, қарапайым жұмысшының қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды бастама. Себебі ел экономикасының негізін, халықтың әл-ауқатын көтеретін де — адал еңбек, маңдай терімен табыс тауып жүрген жұмысшы қауым.

Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Индер ауданында да еңбек нарығын дамыту, жұмыссыздықты азайту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі шаралар қолға алынған. Аудандық Мансап орталығының деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері 2 500-ден астам азамат еңбек делдалдығына жүгінсе, олардың жартысынан көбі тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл – өңірдегі еңбек нарығының жанданып келе жатқанының айғағы.

Мансап орталығының басшысы Динара Мусинаның айтуынша, жұмыс орындарын көбейту мен халықты жұмыспен қамту ісі алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырмалардың нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Индер жерінде түрлі салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың еңбегі – ауданның дамуы мен тұрақтылығына қосылған зор үлес. Олар – бүгінгі қоғамның тірегі, келер ұрпаққа үлгі болатын еңбек адамдары.

Жұмысшы мамандарға мықты денсаулық, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбек бар жерде – береке бар!

Саламат Базарбае

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT