Президенттің бұл бастамасы еліміздегі саяси жаңғырудың логикалық жалғасы деп санаймын.
Парламенттік реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру – демократиялық мәдениетті нығайтып, билік тармақтарының тиімді жұмыс істеуіне жол ашады. Бір палаталы Парламентке көшу – саяси жүйені жеңілдетіп, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл қадам халықтың сенімін арттырып, ел мүддесіне бағытталған басқару үлгісін қалыптастырады.
Құрақбай ӘБУОВ,
ардегер-ұстаз