Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыс көлемінде балалардың терезеден құлау фактілері көбеюде

Облыс көлемінде балалардың терезеден құлау фактілерінің көптеп орын алуына байланысты ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларына бақылауды күшейту қажет.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, терезелерді ашық қалдырмаған, терезені тиісті қорғаусыз маса торларын пайдаланбаған жөн. Себебі, бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде, бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін. Бала терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаған дұрыс. Тұрғын үй секторындағы өрттің болу себебі көбінесе балалардың қараусыз қалып отпен ойнауынан орын алып жатады. Осындай өрттерді алдын алу үшін балаға ашық от өте қауіпті.

Онымен өте абай болу керек, ол үлкен зиян келтіруі және өмірден айырылуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Өрт немесе жану болмаған жағдайда және болған жағдайда бала не істеу керек, өзін қалай ұстау тиіс, соны балаларға жете түсіндіру қажет. Өте жиі өрт шыққанда бала шошып тығылып қалады. Бұндай жағдайларда бала қандай қауіп төніп тұрғанын білмегендіктен туындайды. Үрей — әрқашан қабілетті жоғалтадындығын, сабырлы және ақылмен әрекет етсе қиындықтан шығатын жол таба алатындығы жөнінде қажетті білім берілсе қандай жақсы?! Ең бастысы, егер өрт екі минуттан көп болса, онда өрт шыққан жерден тез арада кету қажет.

Балалар өрт болған жағдайларда еш уақытта тығылуға болмайтынын түсіну керек. Ересектер балаларды жабық бөлмеде қалдырмауға болмайтынын түсінуі тиіс. Осыны әрбір адам жадында ұстағаны абзал. Сайып келгенде, Сіздің тұрғын үйіңіз, мүлкіңіз, Сізге жақын адамдардың өмірі, Сіздің өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға деген көзқарасыңыз бен ниетіңізге байланысты екендігін естен шығармайық.

Жәнібек ӨТЕШОВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,

азаматтық қорғау капитаны

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521