Ағымдағы жылдың 4-10 шілде күндері Құрманғазы ауданына қарасты ауылдық округтердегі көктемгі өр суынан кесіліп қалған жайылма сулардан ау құралдарымен сүзу арқылы, 8 611 111 дана балық шабақтары құтқарылып, мекендеуге қолайлы табиғи ортасы Шарон және Қиғаш өзендеріне жіберілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құтқарылған қызылқанат, көксерке, мөңке, сазан, шортан, каракөз, табан, жайын балықтарының шабақтары. Шабақтардың орташа салмағы 1.2 гр. Құрманғазы балық инспекция бөлімінің мамандары қадағалауымен, «Тілекші» ЖШС, «Амангелді атындағы» ЖШС, «Ш.Сулейменов» ЖШС, «Е.Сарсенбаев» ШҚ, «Каспий-таңы» ӨК, «Каспий балық» ӨК қызметкерлерімен бірлесіп, балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқару жұмыстарына 64 адам, 13 техника жұмылдырылды.
28 маусым және 8 шілде күндері Атырау-Астрахань тас жолы бойындағы көктемгі өр суынан кесіліп қалған жайылым судан Атырау балық инспекция бөлімінің мамандары қадағалауымен, «Тілекші» ЖШС-нің қызметкерлері мелиоративтік балық аулау жұмыстарын жүргізді. Ауланған балықтың жалпы салмағы 11881 кг, балықтардың түрлері көксерке, табан, алабұға балықтары.
Жыл басынан бері Атырау облысы аумағынан 30 775 418 дана балық шабақтары құтқарылып, мекендеуге қолайлы табиғи ортасына жіберілді.
Мадина Серікқызы