ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің спортқа жауапты министрлерінің кеңесі аясында Өзбекстан Спорт министрінің орынбасары Мурад Исмаиловпен кездесті.
Тараптар спорт саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, екі ел спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуын, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруды, спорт федерациялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Кездесу соңында Мурад Исмаилов Ербол Мырзабосыновты Өзбекстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.