Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Болашақ жолшылар тәжірибеден өтті

Биыл елімізде жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама түрлі саладағы жұмысшы кадрлардың мәртебесін арттырып, олардың қоғамдағы орнын айқындай түсуге бағытталған.

Осы ретте жол саласында еңбек ететін білікті мамандарды даярлау ісі де назардан тыс қалған жоқ. Атыраудағы "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалында жол саласының болашақ мамандары – 19 студент өндірістік тәжірибеден өтті. Бұл – жыл сайын дәстүрге айналған үрдіс. Тәжірибеден өткен жастар – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері. Сонымен қатар, кәсіпорынмен жасалған меморандум аясында Алматы логистика және көлік академиясының бір студенті де келіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды, «Болашақ инженерлер мен зертхана мамандары жол құрылысында қолданылатын материалдарды зерттеу ісіне араласты. Олар керн кескінін талдап,қиыршық тас пен топырақтың сапасын анықтады. Битумға сынама жасау сынды нақты өндірістік тапсырмаларды орындады,дейді зертхана меңгерушісі Дәурен Кенжешев. Жыл басынан бері аталған филиалдың жол зертханасына республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардан 1147 сынама жеткізіліп, олардың 1013-і сараптамадан өткен. Ал, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұстаздарының айтуынша, мұндай тәжірибелер тек білімді практикамен ұштастырып қана қоймай, жастарды жол саласының маңыздылығын терең түсінуге жетелейді. Ең бастысы – болашақта осы салада еңбек ететін білікті жұмысшы мамандардың қалыптасуына сеп болады. «Бұл мекемемен ынтымақтастығымыз болашақ жол және көлік саласындағы мамандарды даярлауда маңызды рөл атқарып келеді. Тәжірибе барысында және экскурсиялар кезінде студенттер жол құрылысындағы жұмыстардың сапасын бақылаудың заманауи әдістерімен танысты. Студенттерге әртүрлі битум түрлері мен олардың жол салуда қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ сапаға қойылатын талаптар туралы кең көлемде түсіндірілді. Зертханалық жұмыстар мен нақты сынақтар студенттердің ерекше қызығушылығын оятты», дейді Раушан Практикадан кейін студенттердің алған әсерлері әрдайым оң. Олар мекеме мамандарының жоғары кәсіби деңгейі мен жылы қарым-қатынасына ризашылықтарын білдіріп, өндірістік жағдайдағы нақты жұмыс барысымен танысудың маңыздылығын атап өтті. Биыл бірінші рет тәжірибеден өткендердің бірі - С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенті Данияр Нағидоллаұлы. Ол жол зертханасында өткен практика кезінде біраз тәжірибе жинағанын айтты

«Мен Исатай ауданы Аққыстау селосынан келіп, білім алып жатырмын. Мамандығым жалпы құрылыс, оның ішінде үй құрылысы, жол құрылысы бәрін меңгереміз. Зертханада битум тазалау және жандыруды, қиыршықтастарды електен өткізуді жақсы үйрендім» деді Д.Нағидоллаұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT