Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда экобелсенділерге қолдау көрсетілді

Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Экология және қоғам: тұрақты дамудың негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған басқарма басшылығы, өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдері, экобелсенділер мен жас эковолонтёрлер қатысты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қатысушылар экология саласында туындайтын өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.

- Дөңгелек үстелдің мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғам мен табиғаттың өзара байланысын талдау және тұрақты даму қағидаттарын өңірлік деңгейде жүзеге асыру жолдарын талқылау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Экология мәселесі – әр азаматтың өмір сапасына тікелей әсер ететін ұлттық басымдықтардың бірі. Табиғатты қорғау – бүкіл қоғамның ортақ ісі» деп атап өткен болатын,- деді Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Зарина Төребаева.

Іс-шарада өңірдің жас эковолонтёрлерінің жетістіктері атап өтілді. Белсенді жастарға қалаішілік автобустарда тегін жүру карталары тапсырылып, бір еріктіге санаторийге жолдама берілді. Сондай-ақ экологиялық жобаларды аудан көлемінде табысты жүзеге асырып жүрген «Құрманғазы — туған жер» қоғамдық қорына 200 мың теңге грант табысталды.

- Жобадан ұтып алынған қаражатқа ауданымызда орналасқан жылыжайларымыздың қасына қарағай көшеттерін отырғызу жаспарда бар. Жылыжай ісімен 2021 жылдан бері айналысып жатырмыз. Осыған дейін «Jer Eco Hub» жобасы аясында күн панельдерін  қондырдық,- деді «Құрманғазы — туған жер» ҚҚ төрағасы Азамат Абдуллаев.

Жиын соңында қатысушылар табиғатты қорғаудың тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT