Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда «DEMEÝ» облыстық волонтерлер конкурсына өтінім қабылдау басталды

Атырау облысында 2025 жылғы 14 шілдеден бастап 35 жастан асқан волонтерлер мен волонтерлік топтарға арналған «DEMEÝ» облыстық конкурсына өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Конкурстың мақсаты – әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген волонтерлер мен волонтерлік топтарды қолдау, азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік бастамаларды дамыту.

Конкурсқа Атырау облысы аумағында жұмыс істейтін волонтер (жеке тұлға) немесе волонтерлік ұйым қатыса алады. Өтінімдер Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделіп, жоба туралы көлемі бес беттен аспайтын презентациямен бірге қабылданады. Олар 14 шілде мен 13 тамыз аралығында Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына жолдануы тиіс. 

Конкурс ережесімен atyraunpo.kz сайтында танысуға болады. Арнайы комиссия үздік деп таныған 6 волонтерлік жобаға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, «DEMEÝ» конкурсы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-нің қолдауымен 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейінгі жылдары да бірнеше волонтер қаржылай марапатқа ие болған. 2022 жылы 6 жеңімпазға 500 000 теңгеден, 2023 жылы 5 жеңімпазға 500 000 теңгеден, ал 2024 жылы 5 волонтерге 500 000 теңге көлемінде сыйақы берілген.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірлері:
8 (701) 521-54-06
8 (778) 860-41-43
8 (778) 777-89-94

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT