Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда автоматты санаулы секундта бөлшектеп, желіні тәнті еткен оқушы кадеттерге шеберлік сабағын өткізді

Атырау облысы Жылыой ауданында Қаримова Мадина Аскатқызы “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушыларына арнап шеберлік сабағын өткізді. Ол бұған дейін аудандық мерекеде Калашников автоматын санаулы секундта шашып-жинап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп, өнері әлеуметтік желіде кең тарап, оң бағасын алған еді.

Шеберлік сағаты Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мен білім беру мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара кезінде “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушылары саптық және әскери машықтарын, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Сабақ соңында ант қабылдау және кадет куәліктерін табыстау рәсімі өтті.

Айта кету керек, Мадина — “Кадет” сыныбының түлегі, “Жас сарбаз” клубының мүшесі, республикалық деңгейдегі байқаулар жеңімпазы, “Жас патриоттар академиясы” орденінің иегері.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ерекше белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Жылыой аудандық полиция бөлімі тарапынан марапатқа ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT