«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ақын Абайдың сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімді, өнерлі балалардың заманның дамуына қосатын үлесі зор екені айдан-анық. Бұл ретте, Миялы балалар өнер мектебінің оқушыларының жеткен жетістіктері мол.
Атап айтсақ, аталмыш өнер мектебінің Қарабау бөлімшесіндегі ақындық сыныбының оқушысы Нұрдәулет Жылқышы Махамбет оқуларымен" «Жарқыра, жас дарын» байқауынан І орынды иеленіп республикалық байқауға жолдама алса, Жангелдин бөлімшесінің ақындық сыныбының оқушысы Анара Боранбай Алғыс хатпен марапатталды. V Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауынан «Сән үлгісі» номинациясы бойынша Нұрай Бауыржанқызы ІІ орынды, «Сурет өнері» номинациясы бойынша Еркеназ Ержанқызы І орынды иеленді. Сондай-ақ, Х Республикалық «Жадыра, жас дарын» байқауына Миялы балалар өнер мектебінен «Домбыра-тенордан» ансамбль Айым Мысырғали, Айсұлтан Жолдасқалиұлы, Інжу Қанат, жеке орындауда Айсұлтан Жолдасқалиұлы І орынды жеңіп алса, дуэт Асылжан Амангелді мен Мейірлан Нұрмағанбетұлы ІІ орынды, жеке орындауда Мейірлан Нұрмағанбетұлы І орынды иемденді.
«Домбыра-тенор» номинациясы бойынша Інжу Қанат ІІ орынды, Медет Аманқос ІІІ орынды, Бейбіт Сұлтан ІІІ орынды, Ғалым Тілекқабыл ІІ орынды, Қуаныш Рамазан ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, «Айжан-ай» би тобы (Қарақат Қалимолла, Нұрай Мирлан, Анисса Азаматқызы, Айару Амангелді, Айсезім Мұқанова, Дария Мақсот, Нұрай Асқарқызы, Аяулым Әлібек, Асылай Елуханқызы, Аймерей Ерболқызы, Аягөз Есболат, Іңкәр Оңайбай) ІІ орынға қолжеткізді. Миялы балалар өнер мектебінің Мұқыр ауылынан «Сырнай» бөлімінен қатысқан Мирас Жоламан ІІІ орынға ие болса, «Сурет және қолөнер» бөлімінен қатысқан Қаракөл бөлімшесінен І орынды Ыбырай Берген, ІІ орынды Айсезім Бекболатқызы мен Жанэль Мыңтас еншіледі. Осы орайда, «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, оқушылардың талантын ашып, жігерлендірген жетекшілері Бақтыгүл Үмбетбаева, Айзада Досқали, Дина Төремұратова, Гүлжан Оразғалиева, Райымбек Бағыт, Айжан Досқалиевалар Алғыс хатпен марапатталды.
Қорыта келгенде, өрісті өнерімен елдің мерейін үстем ететін оқушылар көп болса игі дейсің.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА