Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Санаулы күндерден кейін қыс маусымы аяқталып, көктем келеді. Күннің жылынуымен қар еріп, өзен-көлдер тасиды. Алдын ала болжамға қарағанда биыл да  көктемгі су тасқынынан қауіп мол. Бұл ретте, өткен жылы басталған қауіптің алдын алу жұмыстары аяқталып келеді.

Осы ретте, көктемгі су тасқынына дайындық барысын тексеруге келген облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ратбек Демеуберген Сағыз және Ноғайты өзені арналарын кеңейту, тереңдету, елді мекендердегі бөгеттерді биіктету жұмыстарымен танысып, Миялы ауылындағы «Қарасу» сайына жаңадан салынған көпірдің, қалыпқа келтірілген Ойыл, Көздіғара өзеніндегі көпір құрылысының, су шайған «Сағыз-Миялы-Қарабау» тас жолы бойындағы жасалған жұмыстардың сапасын тексерді. 
Көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды баяндаған аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың айтуынша, аудан бойынша 41 200 метр бөгет биіктетілуі керек болса, қазіргі таңда бұл жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Бұзылған екі көпір қалыпқа келтіріліп, жаңадан бір көпір салынды. «Сағыз-Миялы-Қарабау» тас жолы бойына  келген суды кедергісіз өткізу үшін 14 жерге су өткізгіш орнатылды. Сонымен қатар, аудан басшысы Қарабау ауылы ішімен өтетін канал бойындағы су өткізгішті кеңейту қажеттігін жеткізді.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT