Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АРМАНЫ АЛДАМАҒАН АРУХАН

Жас кәсіпкер Арухан Жеңісова аудан орталығында «Серік» отбасылық кулинария кафесін ашты.

Еліміздегі 2017-2021 жылдарға арналған «Бастау Бизнес» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Арухан 505 мың теңгенің грантына ие болды. Бұл қаржыға ол кафенің ас үйіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Жаңа кәсіпкерлік нысанда караоке, балаларға арналған бөлме, play station ойын және 40 адамға арналған тамақтану залы жабдықталған. Кулинариядан бөлек ас мәзірінде фаст-фуд өнімдері ұсынылады. Заманауи үлгіде әсем де көрікті дизайнмен сәнді стильдегі ашылған бұндай орынның ауылымызда ашылуы көңілімізге қуаныш ұялатып тұр.

Арухан Жеңісова, жас кәсіпкер:

– Бұл кәсіппен айналысуыма көмектесіп, демеушілік жасаған туған ағам Бауыржан Сабытаевқа алғысым шексіз. Біздің мақсатымыз – халыққа қолжетімді, сапалы қызмет ұсыну. «Бастау Бизнес» бір айлық курсынан үйреніп, білген-түйгенімді осы кәсібіме пайдаға асырып жатырмын. Ой-арманымның шындыққа айналып жатқанына қуаныштымын. Кәсіпкерлік жолында бұдан да бөлек жоспар-жобаларым бар. Ол уақыт еншісінде. Қаладан ауылын сағынып келген замандастарына, ауыл жастары мен осында келген қонақтарға бос уақыттарын көңілді, әрі есте қаларлықтай өткізуге ыңғайлы орын.

Әсел ТАУШАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT