Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАРИХИ ҚАДАМНЫҢ СИМВОЛЫ

сурет ғаламтордан алынды

Біраз жылдан бері ұлттық мереке мәртебесінен айырылып, тойланбай келе жатқан Республика күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен мәртебесі қайтарылып, өткен жылдан бастап қайта тойлана бастады.

Республика күнін тек біздің ел ғана емес әлемнің көптеген мемлекеті атап өтеді. Тіпті, Қытай елінде  Республика күні жеті күн мерекеленеді. Бір апта бойы жұмыстан, оқудан босатылатын болған соң қытайлықтар бұл аптаны «Алтын апта» дейді.
    Сондықтан 25 қазан жай ғана мейрам емес, бұл символдық түрде маңыздылығы болуы тиіс күн. Ол символ біздің тұтастығымызды, территориялық мызғымастығымызды білдіруі керек. Мектептерде оқушыларды патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін шаралар өткені дұрыс. Мереке күні Туымызға тік тұрып қарап, Әнұранымызды шырқаған да жөн. Оған дейін мектептерде апталық ұйымдастырып, оқушыларға Республика күнін насихаттайтын, мерекенің маңыздылығы мен мәні туралы шығармалар жазғызып, байқаулар өткізуге де болады. Жалпы, «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бұл мереке елдігімізді білдіретіндей айшықты түрде аталып өтсе деймін.

Берік БЕЙІСОВ,
Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназияның директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521