Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Рахымжанов Астана қаласындағы №158 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Мұнда 2 922 дауыс беруші тіркелген.

«Бүгін мен өзімнің сайлау учаскеме келіп, қарапайым ел азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы референдум өтті. Оның нәтижесінде сайлау жүйесіне және депутаттар корпусын қалыптастыру процесіне өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде еліміздегі саяси жүйенің өзгеруіне әсер етеді», - деді Асхат Рахымжанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT