Бүгінгі сайлауда өнерімен өрге жүзіп жүрген жас таланттар да сайлау учаскесінен табылып, таңдауын жасауда.
Соның бірі – жас ақын, аудандық «Қызылқоға» газетінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған Ж. Бақытов атындағы мүшәйраның жеңімпазы Ерасыл Аманғали. Жамбыл ауылдық округіндегі «Қаракөл» мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлау учаскесінде келіп дауыс берді. Дауыс беру кезінде ол:
«Қадамымды нық бастым берік қылып Өз таңдауы адамның еріктілік Таңдауымды жасадым бүгін міне Үміткерге даусымды беріп тұрып Өкінбеймін әрине барғаныма, Келіңдер деп айтамын жан жағыма. Саяси науқан бітіп ең бастысы, Әділ әкім сайлансын ауданыма» деген жырын арнады.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН