Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БАСТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ КЕРЕК»

Түстен кейін №144 сайлау учаскесіне үйден дауыс беруге өтініш бергендердің қатарында төтенше жағдайлар саласының ардагері, бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Каринмен жолдасы да бар. Аудандағы іргелі істердің ілкімді екендігіне тоқталған Мақсот Сағынұлы халықтың тыныс-тіршілігі жақсарып келе жатқандығын тілге тиек етті.

​– Бүгін ерекше науқанның куәсі болып жатырмыз. Президенттің өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтылған мәселе іске асуда. Осы арқылы демократияға бетбұрыс жасалады деп ойлаймын. Осылайша Жолдау жолдаған міндет жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Әкімдікке үміткер ретінде қатысып жатқан азаматтар бұған дейін де өздерінің іскерлігін көрсетіп келе жатқаны белгілі. Барлығы да ел үшін қызмет ететін азаматтар. Кім сайланса да алдағы уақытта ауданда жасалып жатқан жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдіремін. Халықтың сеніміне ие болған әкім халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, бастаған істерін аяқсыз қалдырмауы қажет. Әсіресе, жол, электр жүйесі, ауыз су жүйелерін басты орынға қойып жүзеге асыруға талаптануы қажет, - деді ол.

Алмас ҚАБДОЛОВ

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521