Ауданда тұңғыш өтіп жатқан сайлау болғандықтан ба, бұл жолы жастармен қатар үлкендер де өте белсенді қатысуда. Солардың бірі - сағыздық Тілекбай Нұрғалиев.
Ол “Шұғыла” мәдениет үйінде орналасқан №155 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады.
“Бұл бей-жай қарайтын сайлау емес. Мемлекет басшысының бұйрығымен еліміздегі санаулы ғана ауданда өтіп жатқан бұл саяси науқанға елде отырып қатыспауға болмайды. Сондықтан келіп дауысымды бердім. Ендігі тілек -кім сайланса да елге қайырлы, игі істер жасайтын әкім болсын” дейді 83 жастағы Тілекбай ақсақал.
Өз кезегінде учаске төрағасы Мәншүк Мерғалиева аталмыш ақсақалға естелік сыйлық табыс етті.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН