Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕКІ САҒАТТА 151 АДАМ ДАУЫС БЕРДІ

Тасшағыл ауылдық округіне қарасты №149 сайлау учаскесінде 1035 сайлаушы бар.

Бұл сайлау учаскесіне Қоныстану, Қоғам елді мекені кіреді. Ертемен басталған саяси науқан аталмыш сайлау учаскесінде қызу жүруде. Алғаш болып ауыл тұрғыны Жұматай Тағанов өз таңдауын жасаса, жасы жетпістен асқан Әділ Сәрсенғалиев, Болат Қойшығұлов, Қаршыға Есқалиевтар ауылдастарына үлгі болып, сайлау учаскесіне ертемен келді. Сондай-ақ, маусым айында 18-ге толған Орынгүл Беркін ең жас сайлаушы ретінде дауысын берді. Үйден дауыс беруге 35 сайлаушы өтініш берді.

Қазіргі таңда бұл учаскеде 151 сайлаушы өз таңдауын жасады.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521