Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тілекбай ақсақалдың тілегі

Сағыз ауылындағы “Шұғыла” мәдениет үйінде орналасқан 155 учаскелік сайлау комиссиясында таңмен таласа тұрған  ауылдың ақсақалдары  дауыс беруге асығуда.

Солардың бірі - 82 жастағы Тілекбай Нұрғалиев. Осынша жасқа келсе де саяси науқандардан қалыс қалмайтын Тілекбай ақсақал:
 -Бұл сайлау ел үшін өте маңызды. Себебі,  бірнеше депутат пен  партиялар арасынан дұрыс таңдау жасап, алдағы 5 жылда халыққа қызмет ететін жандарды таңдау керекпіз. Сол мақсатта ерте келіп, дауыс бердім. Ендігі тілек - сайланған депутаттар уәделерін орындап, халықтың қамқоршысы болуы керек.  Ең бастысы - ел аман, жұрт тыныш болсын, - деген тілегін жеткізді. Тілекбай ақсақалға аталмыш учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Рысбике Ізбасова кітап сыйлап, алғысын жаудырды.

Дулат Берік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз