Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Министр дауыс беруге келіншегін және кішкентай баласын ерте келген.
"Ең әуелі балаға үлгі болып, көрсетуіміз керек. Балаға мұның бәрін не үшін жасайтынымызды түсіндіру керек қой. Екіншіден оны үйде жалғыз қалдырып кете алмадық, - деді министр.
Бағдат Мусин бюллетеннің ұзын болуы демократия сезімін береді деп есептейді.
"Бюллетень қысқа ма, ұзын ба, қиындық туғызбайды. Ең маңыздысы - демократиялық сезім. Ұзын бюллетень кандидаттардвң көп екенін білдіреді. Президентіміздің насихаттап жүргені, заңдарды өзгертуі - бәрінің дәлелі ұзын бюллетеньдер", - деді ол.