Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Табиғатты қорғау қадамдары

экологиялық мәселе
экологиялық мәселе

«Байтақ» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қайрат Айтбай Түркістан облысына барды. Ол Түлкібас ауданына қарасты Рысқұл, Қожамберді, Көктерек, Түлкібас, Майтөбе, Көксағыз, Кемербастау, Елтай, Ақсу-Жабағылы елді мекендері тұрғындарымен және Ақсу-Жабағылы қорығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Байтақ» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Нәлібай Бекжан, партияның тізіміне енгізілген Сейдулла Исмайлов, кандидаттар Ерлік Құлжан, Ерік Оспанов, Әлішер Есмағанбетов және Түлкібас ауданы бойынша штаб мүшелері қатысып, тұрғындармен пікір алмасты. Кездесу барысында аудан тұрғындары тарапынан экологиялық және әлеуметтік мәселелер жөнінде бірқатар сұрақ қойылып, ұсыныстар тыңдалды.

– Мен де осы Түлкібастың тумасымын. Бізді қоршаған тау мен тастың қай қайсысы болсын, біздің балалық шағымыздың куәсі. Түлкібас ауданы – арнайы қорғалатын қорық аумағы­­мен астасып жатқан аудан. Өкініш­тісі, ауданы­мыздың бренді болған алмасы, қызғал­дағы, жан-жануары мен құстары бүгінде жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Оны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу сіз бен біздің қолымызда, – деді Қайрат Айтбай.

Бұдан кейін республикалық штаб басшылығы Ақсу-Жабағылы табиғи қорығы қызметкер­лері­мен жүздесіп, мұражайды аралады. Экология­лық мәселелерді талқылады. Кейін Түлкібас ауданындағы табиғи газды тасымалдаумен айналысатын компанияға атбасын бұрып, сала мамандарына алдағы науқанның маңыздылығы түсіндірілді. Өңірде өндіріс ошақтары көп болғандықтан қазір экологиялық мәселелер де қордаланып келеді. Қоршаған ортаның тазалығы ауылдағы ағайын үшін маңызды. Сондықтан партия белсенділері аудандағы цемент және әк өндіретін зауытта болды. Еңбек ұжымымен кездесіп, тұғырнаманың негізгі бағыттары таныс­тырылды.

Айта кетейік, өткен ғасырдың 50-жылдары негізі қаланған өндіріс ошағы қазір жылына 500 мың тонна цемент, 120 мың тонна әк өндіреді. 600 адамды жұмыспен қамтып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT