Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мәслихаттар тәуелсіз болғаны жөн

сайлауалды бағдарлама
сайлауалды бағдарлама

Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат Хаким Көшқалиев және ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Балжан Досмұхамбетова Атырау қаласында спорт саласының өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

– Қазақстан Халық партиясы социал-демокра­тиялық бағыттағы саяси күш ретінде еңбек адамы­ның құқықтарын қорғайды және ел азамат­тарының басым көпшілігінің мүддесін білдіреді. Өздеріңіз байқағандай, партия – адамзат үшін асыл құндылық денсаулық пен білімді тегін етуді талап етіп отырған негізгі саяси күш. Барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей дауыс беру арқылы халық сайлауы керек, міндетін лайықты атқара алмаған жағдайда кері қайтаруға құзыреті болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, билік халықтың қолында болуы керек. Ал Халық партиясы «Әділ Президент – ықпалды Парламент – халықтық Үкімет» құрамын ұсынып отыр, – деді Х.Көшқалиев.

Өз сөзінде Х.Көшқалиев Президент Қ.Тоқаевтың реформалары әділетті қоғам құрудың алғы­шарты екенін атап өтті.

– Реформалардың түпкі мақсаты – адам мен азамат, оның құқығы мен бостандығы барлығынан жоғары тұратын нағыз халықтық мемлекет құру. Осы орайда «Конституцияның 3-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Ол тиісті өкілеттіктерді бере отырып, биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сынды 3 тармағын қалыптастырады, – деді кандидат.

Оның айтуынша, барлық деңгейдегі мәслихат­тар атқарушы биліктен тәуелсіз жұмыс істеп, дербес қаржыландырылуы, ғимараты мен мүлкі болуы керек. Бұл үшін республикалық бюджетке өзгеріс енгізу қажет. Әкімдер жергілікті мәслихаттарға толық есеп беруге тиіс. Басқосу барысында алдағы сайлаудың әділетті өтуінің бірден-бір себебі – дауыстардың ұрланбауы деп түсіндірді кандидат:

– Ол үшін сайлаушылардың саусақ ізін қолдану арқылы сайлау дауысын бұрмалаудың алдын алу ең тиімді шешімі болып саналады. Тек осылай ғана біз халықтың әділдікке деген сенімін қайтарамыз, – деді ол.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT