Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САЙЛАУШЫЛАР СЕРГІП ҚАЙТТЫ

Бүгін біраз ауылда сайлау спорттық сайыспен ұштасып, тұрғындарға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Атап айтқанда, Қарабау орта мектебіндегі №153 сайлау учаскесі ләңгі тебу, қол күресі, кір тасын көтеруден сайлаушылар арасында сайыс ұйымдастырды. Бұл сында ләңгі тебуден Құбаш Өтеғалиев дара шықса, екінші орынды Қарасай Аманғалиев, үшінші орын Мереке Балаубаев иеленді. Ал, кір тасын көтеру сайысынан Диас Жасқанатұлы жеңімпаз атанса, екінші, үшінші орындарды Бейбарыс Өмірзақ пен Бекнұр Болатбекұлы өзара бөлісті. Жеңімпаз-жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521