Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазіргі уақытта сайлаушылардың 53,7 пайызы дауыс беріп үлгерді

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау процесі ашық әрі әділ өтіп жатыр. Сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша сайлаушылардың 53,7 пайызы дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов айтты.

—Саяси дода өтіп жатқан екі аудандағы учаскелерде қатаң бақылауда.Қызылқоға және Исатайда барлығы 80-нен астам байқаушы қызмет етуде. Оның ішінде кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың сенімді өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері қатысуда. Облыс бойынша барлығы 11 қоғамдық ұйым аккредиттелген, – деді А.Айманакумов.

Оның айтуынша, қазір сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша ешқандай шағым түскен жоқ. Саяси дода елдегі белгіленген заңдылықтар бойынша өтіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT