Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайлау-2023: 36,15 % атыраулық дауыс берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясын өңірлердегі сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды», - деді Анастасия Щегорцова.

ОСК мүшесінің дерегінше, оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 52,28%

2. Ақмола облысы бойынша – 52,12%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 51,28 %

4. Алматы облысы бойынша – 52,13%

5. Атырау облысы бойынша – 36,15%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14%

7. Жамбыл облысы бойынша – 58,32%

8. Жетісу облысы бойынша – 52,41%

9. Қарағанды облысы бойынша – 56,97%

10. Қостанай облысы бойынша – 62,36%

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,31%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 49,18%

13. Павлодар облысы бойынша – 51,24%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68%

15. Түркістан облысы бойынша – 48,37%

16. Ұлытау облысы бойынша – 52,29%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69%

18. Астана қаласы бойынша – 33,65%

19. Алматы қаласы бойынша – 15,38%

20. Шымкент қаласы бойынша – 35,61%

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.

Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 18 учаске бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT