Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Ойыл ауылдық округіне қарасты 147 учаскелік сайлау комиссиясына түске дейін сайлаушылардың 40 пайызы келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді.

Жалпы сайлауға жастар көп келуде. Солардың бірі – жас отбасы Мәдениет Ерболат пен Сандуғаш Тұңғышбай. 
 – Еліміз үшін маңызды күнде бізде өз таңдауымызды жасауға келдік. Дауыс беру әр  азаматтың борышы  деп білемін.Себебі, мұнда  әрбіріміздің дауысымыз маңызды. Әсіресе, жастар белсенді болуы керек деп ойлаймын. Мұның барлығы біздің жарқын болашағымыз үшін жасалуда, - дейді Мәдениет Ерболат. 
Сайлаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушылар "Шалқыма" мәдениет үйінің жанында ұлттық спорт түрлері кір тасын көтеру, арқан тартудың сайыс  өткізді. Оған қатысушаларды  округ әкімі Мағжан Жексенов марапаттады.  Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына Наурыз көже берілді. Осыдан-ақ, ауыл тұрғындарының мерекелік көңілді күй қалыптастырып, белсенділік танытып жүргенін байқауға болады. 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521