Аудан әкімдерінің сайлауы тұңғыш рет өтіп жатқандықтан мұның орны ерекше. Облыс бойынша екі ауданда өтіп жатқан сайлау өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына сүбелі үлес қосады деп ойлаймын. Қазіргі таңда ауыл аймақтарды дамыту аса маңызды саналады.
Соның ішінде жастардың ауылда тұрақтап қалуы үшін тиімді жағдай жасауымыз керек. Ал, бұған ұйытқы болатын бірінші басшы. Сондықтан сайланған басшылар елдің сенімінен шығып, елдің келешегі үшін аянбай еңбек етеді деп сенемін. Сағыз ауылында көптен бері айтылып жүрген мәселелердің қатары аз емес. Ауыл халқы теміржол бойынан автокөлік өткелі салынып, Ноғайты өзеніне биік етіп, көпір құрылысы жүргенін құп көріп отыр. Ауылдың айналасындағы жайылмалы суаруды ретке келтіру қажет. Бұрын Орынбордан келіп балық аулаған Былқылдақты елдікмекеніндегі бұлақ көздері ашылып, жұмысы жанданғанын қалайды. Бұл ауылдағы туризмнің дамуына да септігін тигізер еді.
Ахат ӨСКЕНБАЙ,
ауыл жанашыры.