Ойыл ауылдық округіндегі «Шалқыма» мәдениет үйінде таңғы сағат 7:00-де дауыс беру басталды.
Онда алдымен еліміздің әнұраны шырқалып, дауыс берушілерге кезек берілді. Бақылаушылар да төрт көзі түгел өз орнынан табылды. Коммиссия мүшелері дауыс берушілерді тіркеп таңдау жасауға рұқсат берді. Бұл ретте Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқаратын Мұратбек Боранғалиев жұбайы, ІІІ топ мүгедегі Венера Байшеркешова екеуі алғаш болып дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ