Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЗАМАТ – АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте орналасқан №144 сайлау учаскесінде 1699 дауыс беруші тіркелген.

Оның 16-сы мүгедектігі бар азамат. Сайлау комиссиясы 7 адамнан құралған. Алғаш рет дауыс беріп, азаматтық ұстанымын танытып жатқан 18 жастағы Азамат Дүйсеннің айтуынша, бұл өміріндегі айрықша оқиға.

– Жақында ғана 18 жасқа толдым. Бұрын ата-анамыз сайлауға бара жататынын көріп өстік қой. Менің ойымша, республика көлемінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан саяси науқан елдің игілігі үшін іске асады деп сенім білдіремін. Өз таңдауымды жасадым, ауданымыздың келешегінен үлкен үміт күтемін, - деді. Азамат Әбубәкірұлы.

Сайлау учаскесінде әртүрлі спорттық шаралар өткізіліп, патриоттық әндер шырқалуда. Сонымен қатар, алғаш дауыс берушілерге сыйлық таратылды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз