Ауданның ең шеткі нүктесі саналатын Жамансор елді мекеніндегі №161 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенділікпен өтуде. Учаскеге тіркелген 341 сайлаушының 28,15 пайызы өз таңдауын жасады.
Бұл жерде жергілікті тұрғындардан бөлек «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы мен «Мәтен Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, яғни 106 мұнайшы дауыс берді.
- Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Сондықтан бүгінгі сайлаудан қалыс қалмай, ауданымыздың болашағы үшін әріптестеріммен бірге келіп, таңдауымды жасадым. Бізге мекемеміз арнайы келіп ұйымдастырып, дауыс беруге мүмкіндік жасады,- дейді мұнайшы Қуаныш Айтуғанов.
Кенбай елді мекені мен Төртқұдық қыстағынадағы сайлаушыларға сайлау жәшігі жіберілді. Бұдан кейін Жамансордағы өтініш берген екі тыл ардагері мен екі мүмкіндігі шектеулі жандарға барады.
Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ