Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ ДАУЫС БЕРДІ

Қызылқоға ауданы бойынша 18 мыңнан астам сайлаушы бар. Ығылман Шөреков атындағы орта мектептегі №145 сайлау учаскесінде сағат 9:30 шамасында дауыс берушілердің қатары артқанын байқауға болады.

Мұнда 1113 сайлаушы тіркелген. Солардың бірі – ардагер журналист, соңғы төрт-бес жылдан бері көз жанары көрмейтін Жолдас Жанқуат аудан әкімдерінің сайлауы шынайы демократияның көрінісі екендігін тілге тиек етті.

– Бұрын мұндай сайлау болғанмен, аудандық мәслихаттардың депутаттары сайлауға құқылы болды. Әкімдікке үміткер болып жатқан үш азаматтың қайсысы да лайықты екенін бүгінгі сайлау науқаны анықтайтын болады. Менің жеке көзқарасым бойынша, аудан басшысы саяси жағынан білімді, ұйымдастырушылық қабілеті зор болуы қажет. Соның ішінде, қара халықпен етене араласатын іскер, идеолог басшылардың болуы маңызды. Жасыратыны жоқ, сөз бен санға жұмыс істеп жалаулатқаннан гөрі нақты іс-қимылға көшу қажет. Тіпті Президенттің өзі осыған үндеп келеді. Қызылқоғалық сайлаушылар таңдауларын жасауда қателеспейді деп сенемін, - дейді ол.

Алмас ҚАБДОЛОВ,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT