Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алғаш рет дауыс бердім

Жамбыл   ауылдық округіне қарасты 151  учаскелік сайлау комиссиясында 939 сайлаушы бар. Ауыл тұрғындарының  белсенділігі жоғары.  Жауапкершілікпен сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауда. 

Алғашқылардың бірі болып сайлауға келген ауылдың қарт тұрғыны Нұрлан Көшкінбаев бұған дейінгі сайлауларда өз дауысын беріп, елі үшін таңдауын жасаған. Ал, жас сайлаушы Аружан Асқарқызы  алғаш рет сайлауға келіп тұр. 
– Бүгінгі күн мен үшін маңызды. Алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Бұның барлығы біздің болашағымыз үшін жасалып жатқан қадам, - дейді ол. 

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT