"Жемқорлықтан аулақ болу қажеттігін балалардың құлағанына жастайынан құя берген жөн" деп Мемлекет басшысы айтқандай, жемқорлықпен күрестің ең тиімді жолы — алдын алу екенін айқын көрсетеді.
Шынында да, адалдық пен әділдік ұғымдары адам санасына бала кезден сіңірілсе, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті қалыптасады. Жемқорлықты тек заңмен жазалау жеткіліксіз, оған қарсы ішкі иммунитет болуы керек. Ал ол ең алдымен отбасында, балабақша мен мектеп қабырғасында беріледі. Балалардың санасына адал еңбек, таза табыс, жауапкершілік сияқты құндылықтарды ерте жастан орнықтыру — болашақта әділетті әрі сенімді қоғам құрудың кепілі. Бұл тұрғыда білім беру ұйымдары мен ата-аналардың рөлі ерекше. Мемлекет басшысы атап өткендей, жемқорлықтан аулақ болу қажеттігін жас ұрпақтың құлағына ерте құю — ел болашағына салынған берік инвестиция.
Айжан ІЗІМОВА,
қоғам белсендісі



