Нашақорлық – тек бір адамның емес, тұтас қоғамның болашағына балта шабатын аса қауіпті әлеуметтік дерт.
Ол адам денсаулығын күйретіп қана қоймай, отбасылық құндылықтарды әлсіретіп, қылмыс деңгейінің өсуіне, еңбекке қабілетті азаматтардың азаюына алып келеді. Ең өкініштісі – бұл індет көбіне жастар арасында белең алып, елдің ертеңіне тікелей қауіп төндіреді. Есірткіге тәуелділік адамды рухани және физикалық тұрғыдан құлдырауға ұшыратады. Нашақорлыққа салынған жан өз болашағына ғана емес, айналасындағы жақындарына да ауыр зардап әкеледі. Отбасындағы сенім жоғалып, ата-ана мен бала арасындағы байланыс үзіледі. Бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақсыздықтың пайда болуына әсер етеді. Осы орайда, нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. Алдын алу шаралары, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға бағытталған түсіндіру жұмыстары күшейтілуі қажет. Салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен мәдениетті дамыту, бос уақытты тиімді ұйымдастыру – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.
Жұмақайыр Бертілеуов,
дәрігер



