Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің абырой-беделін көтеру және елдің қорғаныс қабілетін арттыруды басты басымдық ретінде атап өтуі – қазіргі геосаяси жағдайда аса өзекті әрі стратегиялық маңызы бар ұстаным.
Әскер – мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтайтын басты тірек. Сондықтан Қарулы Күштердің кәсібилігін арттыру, заманауи техникамен жабдықтау және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту – ел қауіпсіздігінің кепілі. Әскери қызметтің мәртебесі жоғары болған жағдайда ғана жастар Отан алдындағы борышын мақтанышпен атқарып, патриоттық рух нығаяды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Президенттің бұл пікірі мемлекеттің қорғаныс саласына деген жауапкершілігін айқындап, ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жүйелі саясаттың айқын көрінісі болып табылады.
Еңсеген ӘБИЕВ,
ардагер



