Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАСТАР САЯСАТЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен V Ұлттық құрылтайдың мәні де, маңызы да зор болды.

Мемлекет үшін аса жауапты кезеңде ұйымдастырылған бұл жиында қоғамды толғандырған өзекті мәселелер ашық талқыланып, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындалды. Атап айтқанда, экономикалық өсім, білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру мен жасанды интеллект, ұлттық бірегейлік, мәдени және рухани мұра, бала қауіпсіздігі, су ресурстары сияқты ел болашағына тікелей әсер ететін мәселелер көтеріліп, Мемлекет басшысы нақты нәтижеге жұмыс жасау керектігін баса айтты. Сонымен қатар, Президент ел экономикасының тұрақты өсімін атап өтіп, өткен жылы ішкі жалпы өнімнің, сонымен қатар шағын және орта бизнестің үлесі артқаны, халық саны мен өмір сүру ұзақтығының өскені қоғамдағы оң өзгерістердің айқын дәлелі екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасы да құрылтай мүшелерінің қолдауына ие болды. Осы жиында менің көңілімнен шыққан тағы бір дүние – жастар саясаты, бала қауіпсіздігі, лудомания мен нашақорлықтың алдын алу мәселелері болды. Бұл расымен де қоғам үшін, әсіресе жастар үшін аса маңызды мәселе еді. Мемлекет басшысы аталмыш тақырыптарды тілге тиек ете отырып, бұл мәселелерді шешу бағытында жастарға үлкен сенім артатындығын мәлімдеді. Ендеше, жалынды жастарды аталмыш мәселелерды басты назарға алып, жұмыла жұмыс жасауға шақырамын.

Ризабек АМАНТАЙ,

аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT