Президенттің Бас прокуратурада өткен жиында айтқан пікірі – бүгінгі қоғам үшін аса маңызды. Қазіргі әлемдегі геосаяси тұрақсыздық, бірқатар елдерде орын алып жатқан дағдарысты жағдайлар заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің әлсіреуі қандай салдарға әкелетінін айқын көрсетіп отыр.
Мемлекет басшысының бұл қағидатты жаңа Конституцияға енгізу қажеттігін атап өтуі оның ұзақмерзімді маңызын көрсетеді. Заң үстемдігі – бір күндік науқан емес, ол қоғамның тұрақты дамуына, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға қызмет ететін өміршең ұстаным. Заң баршаға ортақ болғанда ғана әділдік орнап, халықтың мемлекетке деген сенімі нығаяды.
Президент атап өткендей, прокуратура қызметкері заң бұзушылыққа бейтарап немесе селқос қарамауы тиіс. Себебі дәл осы орган заңдылықтың сақталуына қадағалау жасап, әділеттің салтанат құруына тікелей ықпал етеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орныққан ел ғана тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және әділ дамуға қол жеткізе аламыз.
Б.АБДУАЛИЕВА,
аудандық соттың бас маманы



