Қазіргі таңда цифрландыру білім беру саласын жаңа деңгейге көтеріп, оқушы мен мұғалім арасындағы өзара байланысты нығайта түсуде.
Онлайн платформалар мен интерактивті құралдар білімге қолжетімділікті арттырып, әр оқушының жеке қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс ауыл мен қала арасындағы білім алшақтығын азайтып, әлемдік білім ресурстарын кеңінен пайдалануға жол ашуда. Цифрлық технология – адамды алмастыру емес, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді құрал.
Сондықтан цифрлық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Гүлсара Тілеген,
Миялы орта мектебінің мұғалімі



