Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Жол тәртібін үйренейік» атты ойын-сағаты өткізілді

Қызылқоға аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтарының бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында балаларға жол қозғалысы ережелерін кеңінен түсіндіру, жаяу жүргінші, көлік және жол белгілері туралы ұғымдарын қалыптастыру, балалардың зейінін және есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында «Жол тәртібін үйренейік» атты ойын-сағаты өткізілді. Шара барысында балаларға жол тәртібі туралы қысқаша мағлұмат беріліп, бағдаршам түстерінің маңызы, жаяу жүргіншілер жолымен жүру ережелері түсіндірілді.

Балалар жол ережесіне арналған өлең жолдарын хормен айтып, белсенділік танытты. Ойын-сағаты «Бағдаршам» және «Жаяу жүргінші» атты екі топқа бөліну арқылы ұйымдастырылды. «Бағдаршамды білесің бе?» және «Дұрыс па, бұрыс па?» атты ойындар ойнатылды. Шара соңында балалар жол қозғалысы ережелері бойынша алған білімдерін бекітіп, жаяу жүргінші ретінде көшеде өзін дұрыс ұстау дағдыларымен танысты. Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, жол қауіпсіздігі туралы түсініктерін кеңейтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT