Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Сағыз және Мұқыр ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізілді.

 Кездесудің мақсаты – заңнамаға енгізілген өзгерістерге түсініктеме беру, сондай-ақ ауылдық жерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылатын шаралар бойынша тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын талқылау болды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, аудан прокурорының орынбасары Ғарифолла Орынбасар, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Самал Ахметова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев, сондай-ақ тиісті бөлімдердің мамандары қатысты. Жиын барысында ардагерлер, жастар және өзге де тұрғындар пікір білдіріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Алдағы уақытта айтылған ұсыныстар негізінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT