Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАТЕР

Сурет ғаламтордан алынды

Қазіргі қоғамда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік – тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне төнген қатер.

Құмар ойындарға берілген адам уақыт өте келе қаржылық қиындыққа ұшырап, отбасылық берекеден айырылып, заң бұзушылықтарға баруы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қарастыру – өте өзекті. Мемлекет тарапынан құмар ойын индустриясын заңмен реттеу, онлайн және офлайн ойын алаңдарына шектеу қою, әсіресе жастарды қорғау бағытындағы талаптарды күшейту – лудоманияның алдын алудың маңызды қадамы. Заң талаптарының қатаң сақталуы көлеңкелі ойын бизнесінің жолын кесіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, заңмен қатар қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершілік те шешуші рөл атқарады. Лудоманияның алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, психологиялық көмек көрсету, тәуелділікке шалдыққан жандарды оңалту бағдарламаларын дамыту қажет. Бұл бағытта мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана нақты нәтиже болады. Қорытындылай келе, «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстану – лудоманиямен күрестің негізі. Құмар ойындарға тәуелділікке қарсы жүйелі шаралар қоғамның тұрақтылығын нығайтып, жауапты әрі саналы азамат қалыптастыруға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT