Жасөспірімдер арасында орын алатын тәртіптік құқық бұзушылықтардың, есірткі қылмысының жауаптылығын жеткілікті түрде түсіндіру мақсатында Миялы ауылдық округіндегі көптеген шара ұйымдастырылды.
Соның бір айғағындай, аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарында ата-аналар мен мұғалімдерге синтетикалық есірткінің денсаулыққа зиян екендігі, есірткі айналымының алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Айта кету керек, осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, жас ұрпақтың тәрбиесіне жете мән беріп, болашағына балта шабатындай іс-әрекеттерден аулақ ұстау барша ата-ананың міндеті болары хақ. Ендеше, ертеңгі елдің тұтқасын ұстар ел жанды азаматтар көп болсын десек, есірткісіз қоғамды қалыптастыру бүгіннен басталмақ.
Жаңылсын ОРАЗҒАЛИЕВА,
Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



